ЭКСПО-2017 көрмесінің туристік аймағы ашылдыКомпания жаңалығы 

ЭКСПО-2017 көрмесінің туристік аймағы ашылды

11 қараша күні Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің туристік аймағы ашылды. Туристік аймақ күні кеше халықаралық көрме өткен жерде орналасқан. Мұнда жасыл технология мен ерсілі-қарсылы ағылған туристер легі жарасым тауып отыр.

«Болашақтың музейімен» үйлескен «Нұр Әлем» павильоны, тақырыптық павильондар, үздік тәжірибе аймағы, конгресс орталығы, энергия холы мен АРТ-орталығы толықтай дерлік жұмыс істеп жатыр. Бұл нысандардың бәрі де осында ашылған туристік кешеннің негізіне айналған. Барлығы толық тәртіпте қызмет көрсетеді. Демек, Елбасының ең басты тапсырмасы да орындалады деп мәлімдеді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы: «Президентіміздің идеясына сәйкес көрме жұмысы дамып, өркендеуі тиіс. Бұл — болашаққа салынған инвестиция, адам капиталын дамытуға арналған бағыт. Нысандардың көрмеден кейін де қолданылуы Елбасымыз мақұлдаған тұжырымдаманың орындалып жатқанының айқын дәлелі.»

ЭКСПО-2017 көрмесінің туристік аймағы ашылды

Келушілер екі тақырыптық павильоннан электр қуатын үнемдейтін технологиялардың іс-тәжірибеде қалай қолданылатынын көре алады. Мұның бәрі де энергиялық тұрғыдан тиімді болашақтың қаласын құруға мүмкіндік береді. Ал үздік тәжірибелер аймағында сарқылмайтын энергоресурстарға қатысты әлемнің 13 елінен ұсынылған үздік 24 жоба көрсетілген. АРТ-орталық болса, заманауи өнер және балаларға арналған білім беру орталығы ретінде жұмысын жалғастырып жатыр.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы: «Нұр Әлем» павильоны Париждегі Эйфель мұнарасы, Брюсселдегі «Атомиум» сынды көрікті орынға айналатына сенемін.»

Туристік аймақта солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс қақпаларынан кіруге болады. Билет құны – 1,5 мың теңге. Билеттерді «ЭКСПО-2017» аймағындағы кассалардан, билет операторы кассасынан немесе «ЭКСПО — 2017» ресми сайтынан, kassir.kz билет операторының сайтынан сатып алуға болады. Қазақстанның бірқатар санаттағы азаматтарына жеңілдіктер қарастырылған.

Жәнібек Нұрыш

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz