Көлікпен адам қағып, мерт қылған күдікті ұсталды

221

31 қазан түнгі сағат 12 шамасында Түркістан қаласы Саттарxанов көшесінің бойындағы жанар-жағармай құю бекетінің жанында жаяу жүргіншіні көлік қағып, автокөлік иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Куәгер Сұңқардың көмегімен (қауіпсіздік үшін есімі өзгертілген) және полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының нәтижесінде күдікті ұсталды.

Жаяу жүргіншіні қағып, 70 метрге дейін ұшырған жүргізуші 1989 жылы туған С деген азамат екені анықталды. 28 жасар күдікті қамауға алынған. Жол-көлік оқиғасынан мерт болған марқұмның соңынан 3 перзенті қалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

ҚР ҚПК нің екі бабы бойынша, яғни, 345-бабының 3-бөлігімен және оқиға орнынан кетіп қалғаны үшін 347-баппен тергеу жүргізілуде. «Күдіктінің айыбы дәлелденген жағдайда оны іздеу үшін және құрықтау үшін мемлекет тарапынан жұмсалған қаржыны да мемлекет пайдасына өндіруді сот алдында талап ететін боламыз. Алдағы уақытта қылмыс жасап қашқан адамдардан, оларды іздеуге кеткен барлық мемлекет қаржысының орнын толтыру туралы сот алдында талап-тілек жасауды қолға алдық» дейді Түркістан қалалық прокуратурасы.