Леңгір мектеп-интернатында арнайы кабинет ашылдыАНОНС Жаңалықтар 

Леңгір мектеп-интернатында арнайы кабинет ашылды

Мүмкіндігі шектеулі балалар салауатты өмір салтын қалыптастырады. Ленгір қаласындағы есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы қосалқы мектеп-интернатында арнайы кабинет ашылды. Онда тәрбиеленушілер теориялық білім алып, арнайы тренингтерге қатысады.

Осынау аядай ғана бөлмеде балалар салауатты өмір салын қалыптастыруға дағдыланады. Есігін айқара ашқан арнайы кабинетте алғашқы сабақ та өтті. Ақ халаттылар бұл балалардың жұқпалы дертке шалдығу қаупінің зор екенін айтады. Сондықтан арнайы жабдықталған бөлме жас өскіндердің денсаулығын күтіп, салауаттылығын сақтауға мүмкіндік береді дейді мамандар.

Леңгір мектеп-интернатында арнайы кабинет ашылды

9 сынып оқушысы Алаң Байрамықов салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы жазылған тың дүниелермен танысуда. Брале шрифтімен жазылған бұл әдістемелік құралдар өте түсінікті, оқуға да ыңғайлы дейді ол. Спортты серік еткен жасөспірім үшін бұл тақырып қызғылықтые. Осыған дейін мұндай материалдар жеткіліксіз болып келді дейді.

Леңгір мектеп-интернатында арнайы кабинет ашылды

Ал арнайы спорт құрал-жабдықтарымен бар бұл залда балалар дене шынықтырумен айналысады. 150 орынға шақталған мектеп-интернатта спортпен шұғылдануға арналған бөлме де пайдалануға берілді. Мұнда тәрбиеленушілер жаттықтырушылардың көмегімен сабақтан тыс уақытта спортты серік етеді.

Мақпал Рысбаева

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz