Мақталы қосалқы станциясы қайта жаңардыКомпания жаңалығы 

Мақталы қосалқы станциясы қайта жаңарды

Мақтаарал ауданындағы Мақталы қосалқы станциясында жаңарту жұмыстары жүргізілді. Мұнда соңғы үлгідегі заманауи қондырғылар орнатылған. Баламасы жоқ су жаңа жабдықтар Ресейдің Санкт Петербург қаласынан алдырылды.

Мақталы қосалқы станциясы — Мырзашөл өңіріндегі маңызды нысанның бірі. Алты бірдей елдімекенді сапалы электрмен қамтуда қуат таратушы негізгі орын болып саналады. Сондықтан қосалқы станцияның қалтқысыз жұмыс істеуі маңызды. Осыған байланысты «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында жаңғырту жұмыстарын жүргізді.

Мақталы қосалқы станциясында тозығы жеткен майлы 35 кВ Т-1 ажыратқышы қазіргі заманауи элегазды ажыратқышқа алмастырылды. Ал 10 кВ КРУН майлы ажыратқыштары су жаңа вакуумды ажыратқыштарға ауыстырылды. Бұдан бөлек, релелік қорғаныштар мен автоматика түгелдей жаңғыртудан өтті. Айта кету керек, қосалқы станцияда болгариялық ескі қондығылардың қалтқысыз жұмыс істегеніне 40 жылға жуықтапты.

Биыл «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС облыстағы 11 қосалқы станцияда жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, толықтай аяқтады. Ал Мақталы қосалқы станциясы соның ішінде ауқымдысының бірі болып саналады.

Мақсат Жақсыбаев

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz