Оңтүстікте республикалық фермерлер одағының жиыны өттіАНОНС Жаңалықтар 

Оңтүстікте республикалық фермерлер одағының жиыны өтті

Биыл Қазақстан фермерлер Одағының құрылғанына 15 жыл толып отыр. Осы мерейлі мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында ғылыми конференция ұйымдастырылды. Облыстық фермерлер одағы мен ауыл шаруашылығы басқармасы  ұйымдастырған алқалы жиынға  республикалық фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дәрінов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының директоры Асқар Әбубәкіров пен өңірдің барлық аудандарынан 600-ге жуық фермер қатысты.

Іс-шараның мақсаты  — агроөнеркәсіп кешенінің дамуына кедергі болып отырған өзекті мәселелерді анықтап,  фермерлерге барынша қолдау көрсету. Сол арқылы халықты сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамассыз ету. 

Жиын барысында мемлекеттік қолдаулардың қолжетімділігі, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, суармалы және жайылым жерлердің көлемін ұлғайту сынды көкейкесті мәселелер талқыланды.  Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған фермерлер осы бағытта өздерінің талап-тілектері мен ұсыныстарын жеткізді.

Оңтүстікте республикалық фермерлер одағының жиыны өтті

Мәселен, сарығаштық фермерлер жанар-жағармай бағасының күн санап шарықтап бара жатқанын айтса, мақтааралдық диқандар бақша дақылдарына да субсидия берілсе деген ұсыныстарын айтты. Ал түркістандық шаруалар агросаланы қаржылай қолдайтын Агробанк құрылса деген ұсыныс білдірді. Конференцияда айтылған барлық ұсыныстар фермерлер одағында сарапталып, жауапты мемлекеттік органдарға хатпен жолданатын болады.

Оңтүстікте республикалық фермерлер одағының жиыны өтті

Жиын соңында агроөнеркәсіп кешенін дамытуда белсенділік танытып, еселі еңбегімен көзге түскен өңір фермерлері ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен және құрмет грамотасымен марапатталды.

Оңтүстікте республикалық фермерлер одағының жиыны өтті

Бүгінде фермерлер одағының еліміздің 8 облысында филиалдары мен 5 облысында өкілдіктері жұмыс істейді. Одаққа 10 мыңнан астам фермер біріккен. Ал оның облыстық филиалы 2012 жылы құрылып, содан бері шаруалар мен фермерлерге қолайлы жағдай жасау үшін жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Одақтың әр ауданда төрағалары сайланған.

Оңтүстікте республикалық фермерлер одағының жиыны өтті

Жыл басынан бері облыстық фермерлер одағының ұйымдастырумен барлық аудан-қалаларда көшпелі жиындар өткізілді. Онда фермерлерді мазалайтын мәселелер айтылып, оны шешу бойынша ұсыныстар мен талап-тілектер тыңдалған. Ұсыныстардың барлығы билік органдарына хатпен жолданды.

Оңтүстікте республикалық фермерлер одағының жиыны өтті

Мұнымен қатар фермерлер одағының ұйытқы болумен агро саладаға жаңа технологияларды енгізу, фермерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, мемлекеттік қолдауларды насихаттау бойынша бірнеше семинар-кеңес пен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылған.    

Конференцияға қатысқан еліміздің бас фермері Әуезхан Дарынов облыстық фермерлер одағының жұмысын жоғары бағалап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz