Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілісі өтуде

432

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілісі өтуде. Депутаттардың қарауына өңіріміздегі елдімекендерде мемлекеттік-жекеменшік әріпстестік жобасы бойынша салынатын нысандарға қатысты мәселелер ұсынылды. Халық қалаулылары 6 қарашаға дейін өз ұсыныстарын бекітіп, бір шешімге келуі тиіс.

Облыстық мәслихатының мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару мен әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісі өтті. Күн тәртібіне 4 мәселе енгізілген. Олардың алғашқысы облыстағы медициналық мекемелерінің кешенді медициналық ақпараттық жүйесін ендіру және сервистік қызмет көрсету деңгейін талқылауы керек болатын. Алайда белгілі себепкерге байланысты кейінге қалдырылды. Десе де мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтеретін нысандардың жайы талқыға салды.

Шымкент қаласындағы Қазығұрт шағынауданында салынатын спорт алаңының құрылысы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін сөз етті.

Депутаттар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша әлеуметтік нысандарды салатын кәсіпкерлердің құқығы қорғалып, оларға қандай міндеттемелер жүктелетініне жіті тоқталды. Өйткені, халық қалаулыларының басым бөлігі – құрылыс компанияларын басшылары. Сол себепті де қызығушылық танытуда.

Осыған дейін құрылысты бастап, дегенмен, теңге құнсызданып, құрылыс заттарының бағасы шарықтап, шығынға батқан кәсіпкерлер форс-мажорлы жағдайлар міндеттемелерде қарастырылған ба деген сұрақтарына жауап алды.

Күн тәртібінде көтерілген мәселе облыс мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына жолданады. Бекітілсе, өңіріміздегі спорт алаңдары тағы біреуге көбейеді.