Шымкентте журналистер мектебі ашылды

550

Шымкентте алғаш рет журналистер мектебі ашылды. «Жас медиа» атауымен есігін айқара ашқан білім курсы Оңтүстік Қазақстан облысытық жастар ресурстық орталығында қызметін бастады. Осыған орай орталық басшысы Береке Дүйсебеков пен «SS LAB» телелабаратоиясының құрылтайшысы, тележүргізуші Санди Сұлтан арасында меморандумға қол қойылды.

Шымкентте журналистер мектебі ашылды

Енді 14 пен 29 аралығындағы кез келген жас орталыққа келіп, журналистер мектебіне мүше болып, өзін сол салада дамыта алады. Алғашқы қатысушылары да бар. Айта кетейік Осыдан екі ай бұрын «Жас медиа» жобасы аясында өңіріміздің әр аймағынан 30-ға жуық талапкер іріктелген болатын. Олар осы уақытқа дейін өздерінің алғашқы материалдарын өздігінше жасап келген. Міне, осы күні еңбектерін қазылар алқасына ұсынды.

Шымкентте журналистер мектебі ашылды

«Жас медия» жобасы 4 күн бойы жұмыс істеді. Осы аралықта Санди сұлтан мен Гүлназ Ауданбаева сынды елімізге танымал журналистер жас толқынға сұхбат алу, камера алдында сөйлеу, сюжет дайындау, сондай-ақ мақалалар мен эссе жазу дәрістерін өтті.

Шымкентте журналистер мектебі ашылды

Ал жастардың еңбегін көрген қазылар алқасы кем-кетіктерді ескертіп, оның алдын алудың жолдарын үйреттті. Жас толқынның бұл 4 күндік жобада түйгендері көп.

Сәния Нариманова: «Осы жобаның аясында көп нәрсе үйрендім, өзіміз оператор болдық, монтаждаушы да болдық. Журналист болу бала кезгі арманым еді. Журналист деген әдемі сөйлейтін, даусы әдемі адам деп ойлаушы едім, ал шындап келгенде бұл екі қасиет журналист атану үшін тым аз екен. Осыны жобада жүріп ұқтым.»

Шымкентте журналистер мектебі ашылды

«Еуразия» арнасының журналисі Гүлнәз Ауданбаеваның айтуынша, Оңтүстік жастарының өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан олардың ішінен 5 адамды ғана іріктеу қиынға соғып тұр дейді.

Гүлнәз Ауданбаева: «Оңтүстік жастарының ерекшелігі олардың көздерінде от ойнап тұр. 30 баланың ішінде дені 12, 14 және 16 жасынан бастап осы салада мансаптарын бастап та кетіпті. Сондықтан олардың ішінен 5 баланы таңдау бізге ауыр тиді. Бұл қалған балалар қабілетсіз деген сөз емес. Олар да мықты, тек барлығын келесі кезеңге жібере алмаймыз. Ал іріктелген 5 жас Астана қаласында өтетін форумға жолдама алады. Сол жерде жұмыстарын көрсетіп, республикалық телевизиялардың басшылығының көзіне түсуге мүмкіндіктері бар.

Шымкентте журналистер мектебі ашылды

Жобаға қатысқан барлық жас журналистер мектебінің алғашқы тәлімгерлері деуге болады. Енді оларды өңіріміздің белді тілшілері журналистика мамандығының қыр-сырына үйретеді. Жас толқын, сен де осы саланың маманы болғың келсе қапы қалма. Жастар ресурстық орталығының есігі таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін сен үшін ашық!