Түнгі Шымкент жарқырай түстіАНОНС Жаңалықтар 

Түнгі Шымкент жарқырай түсті

Шымкенттің түндері-ай! Енді Шымшаһарды дәл осылай деп, әнге қосуға болады. Өйткені облыс орталығының көшелері түнгі мезгілде жарықтана түсті. Әсем шамдар көрік беріп қана қоймай, қала тұрғындараның кауіпсіздігін де қамтып отыр.

Шынында да түнгі Шымкент күндізгіден әлдеқайда шырайлы. Көліктердің шамымен шағылысқан жол жиегіндегі шамдардың қуаттылығы күшейген. Сала мамандарының айтуынша, шамдардың қуаттылығы артып қана қоймай, электр үнемдегіш қасиеті 40 пайызға артқан. Ал бұл — бюджет қаражатын үнемдеудің бірден бір жолы.

Түнгі Шымкент жарқырай түсті

Жол бойындағы бағаналар мен шамдардың көбеюі ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осылайша 1020 аула, 32 гүлзар және 8 саябақтағы жарықшамдардың саны 31 226-ға жетіпті.

Түнгі Шымкент жарқырай түсті

Қала көшелерінде 250 ватт электр қуатын пайдаланатын 10 099 шам 150 ваттық шамға ауыстырылған. Нәтижесінде түнгі жарыққа бір жылға төленетін қаржы да азайып отыр. Биыл қалаға жаңа қосылған елдімекендерді жарықтандыру мақсатында бюджеттен 452 млн теңге бөлініп, 24 көшеге жарық желісі жүргізілді. Олар 10 желтоқсанда іске қосылады. Енді алдағы жылы тағы 43 көшені жарықтандыру жоспары бар.

Түнгі Шымкент жарқырай түсті

Шаһар басшылығының тағы бір жетістіктері — қала көшелеріндегі жарық автоматты түрде іске қосылады. Арнайы таймер бойынша күнде кешкісін сағат 18:15-те барлық шам іске қосылып, таңғы сағат 08:00-де өшеді. Уақыт кестесі әр 10 күн сайын өзгертіліп тұрады, ол таңның атуы мен кештің батуына байланысты деп түсіндіреді жауаптылар.

Нұрлан Күдерұлы

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz