Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында Тоқтар Төлешовтың ісіне нүкте қойылды. Сот үкімі оқылды. Мемлекеттік айыптаушының талап-арызында көрсетілген ұсыныстар қабылданды.

Сонымен, Төлешов салықтан жалтарғаны, экономикалық қылмыстарға барғаны үшін айыпты деп танылып, мемлекетке 1,5 млр теңгеге жуық өтемақы төлейтін болды. Мал-мүлкі тәркіленіп, коммерциялық мекемелерде басшылық жасаудан шеттетілді. Сот үкімімен 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Бұрын Төлешовке қатысты шығарылған үкімде көрсетілген 21 жыл бас бостандығынан айыру жазасына бүгінгі үкім де жатыстырылатын болды. Яғни 21 жыл түрмеге қамау жазасы қалдырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.