ҚХА: Мақсатымыз – ішкі бірлікті бекемдеу

41
ҚХА: Мақсатымыз – ішкі бірлікті бекемдеу

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында ОҚО ҚХА жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Мәжіліске облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық деңгейдегі кеңестердің мүшелері мен ассамблея жанындағы құрылымдардың өкілдері қатысты.

ҚХА: Мақсатымыз – ішкі бірлікті бекемдеу

Облыстық кеңестің төрағасы Орынбай Рахманбердиевтің жетекшілігімен өткен жиында Түркістан қалалық, Сарыағаш, Мақтаарал, Сайрам аудандық қоғамдық келісім кеңестерінің атқарған жұмыстары сараланды.

ҚХА: Мақсатымыз – ішкі бірлікті бекемдеу

ОҚО ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қоғамдық келісім кеңестерінің жыл ішіндегі жұмысына тоқталып, түрлі деңгейдегі кеңестерінің ықпалымен жергілікті жердегі өзекті мәселелер бойынша 280-ге жуық ұсыныс әзірленіп, оның 198-і бүгінге дейін оң шешілгенін жеткізді. Отырыста алдағы жоспарлар тағы бір пысықталып, қоғамдық бақылау, медиация, қайырымдылық, даулардың алдын алу бағытында негізгі іс-шаралар мен міндеттер жайы жан-жақты талданды.

ҚХА: Мақсатымыз – ішкі бірлікті бекемдеу

Берекелі бірлік жолында жұмыс істеген бірқатар кеңес мүшелерін ынталандыру мақсатында «ЭКСПО-2017» көрмесі мен Өзбекстандағы тарихи орындарға тегін саяхат ұйымдастырылғаны айтылды.

ҚХА: Мақсатымыз – ішкі бірлікті бекемдеу

Отырыс соңында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың мүшелеріне облыс әкімі мен ОҚО ҚХА төрағасы орынбасарының алғыс хаттары табысталды.