Құбыр жаңаланбаса – жылу мардымсыз

344
Құбыр жаңаланбаса - жылу мардымсыз

Күн суытқалы сапасыз жылуға шағымданатындардың қатары артып келеді. Редакциямызға хабарласқан тұрғындардың бір бөлігі жылудың жарымай отырғанын алға тартты. Әсіресе, Сайрам көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындары берген жылуды толық ала алмай әбігерге түскендерін айтады.

Сайрам көшесіндегі үйдің тұрғыны Диля Анарметова пәтерінде жылудың мардымсыз екенін айтып, арнамызға хабарласқан болатын. Жас ананың айтуынша, жоғары қабаттардағы көршілерінде батараялар ұстатпайды, ыстық. Неліктен жүйеге келген жылуды біз толық ала алмай отырмыз дейді тұтынушы.

Тұтынушы мен қала әкімдігінің дипсетчерлік қызметінің шақыруы бойынша келген мамандар үйдегі жылу жүйесінде бар күрделілікпен етене таныс.

Құбыр жаңаланбаса - жылу мардымсыз

Көпқабатты үйлерге неге жылу келмей тұрғанын анықтау мақсатында Алдияров көшесінде орналасқан сорғыш станциясында болдық. Мұндағы мамандар температуралық талаптар орындалып станса қалыпты жағдай жұмыс істеп тұрғанын алға тартты.

Стансаның жұмысын тексеруге келген Қуат жылу орталығы-3 мекемесінің мамандары ішкі орам және үйдегі жылу жүйесін тескереміз деп уәде берді. Алайда жылу берушілер егер көпқабатты үйдің жертөлесіндегі, пәтердегі тозығы жеткен жүйелер алмастырылмаса, онда күрделіліктер туындай береді деп ескертеді. Сондықтан құбыр жаңалауды жылу маусымының алдында, жазда жасаған дұрыс дейді сала мамандары.