Биыл Оңтүстікте 70 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізді

384
Биыл Оңтүстікте 70 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізді

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында халықты табиғи газбен қамту жұмыстары қарқын алдыЯғни облыста 89 нысанның газдандыру құрылысы жүргізіліпжұмыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артқанОсы жұмыстарға республикалық және облыстық бюджеттен 13,4 млрдтеңге көлемінде қаржы бөлінгенБұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасы мәлім етті.

Биыл газдандыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл соңында 59нысан ел игілігіне тапсырылғанОның ішінде 70 мыңға жуық халық мекендейтін 44 елдімекен көгілдір отынның қызығын көре бастайдыОсылайшатабиғи газбен қамту көрсеткіші 2018 жылдың 1 қаңтарында 344 елдімекенге жетпекБұл дегеніміз – облыстың 1 млн 825 307 тұрғыны газбен қамтылмақ. Биыл салынған қалған нысандар жеткізгіш газ құбырлары мен АГТС-тер болып отыр. Бұл көрсеткіш өткен 2016 жылмен салыстырғанда 17 пайызға өскен.

Айта кетейік, өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен облыстың  елдімекендерін 2017-2021 жылдар аралығында газдандырудың кешенді жоспары әзірленген болатын. Осыған  сәйкес 2021 жылы облыста қосымша 383 елдімекенге табиғи газ жеткізу жоспарлануда.

Газдандыру жұмыстарына қаралған жоғарыда аталған қаржыға бұдан бөлек, облыстың экономикасының барлық секторларын табиғи газбен 2050 жылдарға дейін қамтамасыз ету мақсатында 15 автоматтандырылған газ тарату станцияларының (АГТС) құрылыстары да кіріп отыр. Оның төртеуі, яғни,  Түркістан, Иқан, Сайрам, Бәйдібек аудан-қалаларында ел игілігіне берілген.  Үш автоматтандырылған газ тарату станцияларының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі