Оңтүстікте биыл 50 мыңнан астам жер теліміне сәйкестендіру құжаты берілген

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті халыққа мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету бойынша бірқатар ауқымды жұмыс атқарды. Мәселен, 10 айда жер теліміне жалпы 50 мыңнан астам сәйкестендіру құжаты және жылжымайтын мүлік нысандарына 25 мыңға жуық техникалық төлқұжат әзірленген. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры Данабек Исабеков мәлімдеді.

Оңтүстікте биыл 50 мыңнан астам жер теліміне сәйкестендіру құжаты берілген

Департамент директорының айтуынша, департамент 14 мемлекеттік және 30-дан астам коммерциялық қызмет көрсетіп келеді. Атап айтқанда жер теліміне жеке меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына актілерді рәсімдеу, сондай-ақ жер телімінің кадастрлық құнын анықтау сынды қызмет түрлерін көрсетіп келеді.

– Ең үлкен сұранысқа ие қызмет түрлері – жер телімдеріне сәйкестендіру құжаттарын және жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық төлқұжатын дайындау болып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерге құжаттарды қабылдау және беру халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады, – деді Данабек Ержанұлы.

Оңтүстікте биыл 50 мыңнан астам жер теліміне сәйкестендіру құжаты берілген

Сонымен қатар облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Қазығұрт аудандық бөлімшесі биылғы наурыз айынан пилоттық жобаны іске қосқан. Оны іске асыру мақсатында жұмысшы тобы құрылып, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметінің көрсетілу сапасы бақылауға алынып отыр.

Оңтүстікте биыл 50 мыңнан астам жер теліміне сәйкестендіру құжаты берілген

Баспасөз конференциясында департамент басшысы мекеме қызметкерлері тарапынан дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда немесе туындаған мәселелер мен арыз-шағымдар бойынша 8-747-703-76-21 нөміріне WhatsApp желісі арқылы хабарласуға болатынын атап өтті. Сондай-ақ, департаменттің барлық бөлімшелерінде шағым-ұсыныс жәшіктері орналастырылған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі