Оңтүстікте құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

701
құқық қорғау қызметтері орталығы

Оңтүстік Қазақстан облысында құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов пен облыс әкімі Жасейіт Түймебаев және облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров қатысты.

Оңтүстікте құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

 

Жаңа орталықта азаматтарға құқықтық тұрғыда ақысыз қызмет көрсетілетін болады. Онда тәжірибелі прокурорлар, адвокаттар, медиаторлар, нотариустар мен мемлекеттік кірістер органдары, ішкі істер департаменті, облыс әкімдігі және пробация қызметінің мамандары жұмыс жасамақ. Енді әр азамат құқықтық салада кездескен кез-келген мәселесін осы орталық арқылы оңай-ақ шеше алады.

Оңтүстікте құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Орталықты ашудағы мақсат – азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, оларды әуре-сарсаңға салмай, құқығын жедел түрде қорғау арқылы халықтың мемлекеттік және құқықтық мекемелерге деген сенімін арттыру.

Оңтүстікте құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Бас прокурордың орынбасары құқықтық қызмет көрсетуді бір жерде шоғырландыру Ұлт жоспарының 100 қадамында айтылғанын және аталған орталық сол тапсырманы орындау барысында құрылғанын жеткізді.

Оңтүстікте құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Өз кезегінде сөз алған облыс әкімі халықтың құқықтық сауатын ашуда бұл мекеменің маңызы зор екенін айта келе, жиынға қатысушыларды орталықтың ашылуымен құттықтады.

Оңтүстікте құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

– Енді жаңа орталықта 11 мекеменің мамандары азаматтарға ақысыз түрде 22 түрлі кәсіби құқықтық көмек көрсетеді. Әлеуметтік, кәсіпкерлік салаларында жиі кездесетін мәселелердің уақытылы және жедел шешілуіне зор ықпал етеді деген сенімдемін, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Оңтүстікте құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Оңтүстікте құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Оңтүстікте құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Құқық қорғау қызметтер орталығы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Шымкенттегі ғимаратында орналасқан. Орталық заманауи техникалық құрылғылармен, электронды кезек жүйесімен, күту залымен басқа да қажетті инфрақұрылымдармен жабдықталған. Мекемедегі қызметтер бір терезе қағидатымен көрсетіледі.

Оңтүстікте құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі