Оңтүстікте «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

278

ОҚО-да «Қару» жедел-алдын алу іс шарасы кезінде 260 заңбұзушылық анықталды. Облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен 20-27 желтоқсан аралығында өтіп жатқан бұл іс-шараның мақсаты – қару-жарақпен жасалатын қылмыстың алдын алу. Оқ-дәрі мен қару-жарақтың заңсыз қолданылуы мен рұқсат етілген қарулардың жарамдық мерзімін тексеруге әкімшілік полиция мен басқа да құрылымдар жұмылдырылған.

Бес күннің нәтижесі бойынша 7,5 мыңнан аса қару иесі тексерілді. 269 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, 192 азаматтың қаруды сатып алу, сақтау мен тіркеу және тасымал заңын бұзғаны анықталған. Заңсыз сақталған 7 қару тәркіленіп алынды.

«Қару» рейді кезінде құқық қорғау органдарына азаматтар 37 қаруды ерікті түрде табыс еткен. ОҚО полицейлері заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырған кезде ешқандай әкімшілік немесе қылмысты жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді.