Пробациялық орталықта балаларға базарлық үлестірілді

283
Пробациялық орталықта балаларға базарлық үлестірілді

Шымент қаласындағы пробациялық орталықта балаларға базарлық үлестірілді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аталған мекеме қызметкерлері пробациялық есепте тұрған азаматтардың арасында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына осылайша сыйлық жасауды ұйғарыпты.

Мерекелік тәттілер мен сый-сияпаттарды дайындауға еріктілер тобы көмек көрсетті дейді орталық өкілдері. Айта кетейік, жақында ғана ашылған пробциялық орталықта 230 адам тіркелген. Мұнда бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсетіледі.

Жанар Есенбекова