Сарыағаштың 400-ден астам тұрғыны қысқа мерзімді курсты тәмамдады

700
Сарыағаштың 400-ден астам тұрғыны қысқа мерзімді курсты тәмамдады

Мамандыққа да машықтанып, жұмысқа да орналасуға болады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы екі қолға бір күрек ұсынып, еңбек нарығының сұранысын да реттейді. Сарыағаш ауданында осынау мемлекеттік бастама аясында 400-ден астам тұрғын түрлі мамандықтарды оқып, арнайы куәліктерге қол жеткізді.

Сарыағаштың 400-ден астам тұрғыны қысқа мерзімді курсты тәмамдады

Үш ай бойы түрлі мамандыққа машықтанған бағдарлама қатысушыларына куәліктер тапсырылды. Тігінші, темір ұстасы, аспаз сияқты бүгінде таптырмайтын бас-аяғы 10 кәсіп түрін игергендердің тең жартысының бүгінде тұрақты жұмыс орындары да дайын.

Сарыағаштың 400-ден астам тұрғыны қысқа мерзімді курсты тәмамдады

Салтанатты шарадан кейін жас мамандарға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған 60-тан аса жұмыс беруші қатысып, 250-ден аса жұмыс орнын ұсынды. Айта кетейік, аталған бағдарлама аясында 1500-ден астам адам қысқа мерзімді оқу курсына жолданған. Олар өңір басшысының «Әр ауылға өз шебері» бастамасы аясында үш айлық курс кезінде ауданға қажетті деген 38 мамандықты игеріпті.

Сарыағаштың 400-ден астам тұрғыны қысқа мерзімді курсты тәмамдады

Қысқа мерзімді курсты тәмамдаған Ләйлә Шүленбаева тігіншілікті қолға алған. Тапсырыстарға сай төсек жабдықтарынан бөлек мектеп формаларын да тігеді. Осыған дейін тұрақты жұмыс таба алмай қиналған ол бүгінде сүйікті ісінен нәпақасын айырып отыр.

Бұл – осы бағдарлама аясында кадрлар дайындайтын іргелі оқу орындарының бірі. 2011 жылы ашылған «Даму» жеке тұлғаны дамыту орталығында қазір тігінші, пішуші, бет әрлеуші, шаштараз мамандақтары бойынша білім беріледі. Осыған дейін жұмыспен қамту мақсатында қолға алынған бастама аясында 800-ге түлекті қанаттандырған орталықта шипажайлы өңірге қажетті саяхатшылар мен туристік агенттер де дайындалады.

Сарыағаштың 400-ден астам тұрғыны қысқа мерзімді курсты тәмамдады

Айта кетейік, облыста арнайы бағдарлама аясында 12 мыңнан аса адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жолданып, бүгінде оның 9 мыңдайы аяқтаған. Еңбек нарығында аса қажетті деген 85 мамандық бойынша арнайы білім алған бағдарлама қатысушыларының тең жартысы екі қолға бір күрек тапты дейді салаға жауаптылар.

Мақпал Рысбаева