«Шубамания» жәрмеңкесі жалғасуда

384

Шымкенттік аурулар үшін нағыз сәнді тон киетін уақыт келді. Ал бұл ретте шубаманиялықтар шымқалалықтарды қуантуда жалғастыруда. Айта өтейік, жағалы киім таңдаудың мол түрі мен тұрғындарды көптеген маусымдық жеңілдіктер де күтіп тұр.

Ішіктер жәрмеңкесінде тонның түр-түрі бар, сан алуан түр-түсі де осында. Мінсіз сапаға жауаптылар жергілікті тұрғындарға мол мүмкіндіктер қарастырып отыр. Мұндағы тауарларға жеңілдік 10 пайыздан басталады.

Ксения Бритикова, «Шубамания» жәрмеңкесінің әкімшісі: «Тәуелсіздік мерекесіне орай біз 4 күн дем алмай жұмыс істейтін болдық. Сонымен қатар көптеген жеңілдік барын қуана хабарлаймыз. Яғни 10 пайыздан 30 пайызға дейінгі жеңілдіктер жасалған. Жаңа жыл қарсаңында өзіңізге немесе өзгеге сыйлық жасауда да тиімді ұсыныс деп санаймыз.»

Көрмеге мыңнан аса бағалы ішік қойылған. Бұлғын мен түлкі терісінен тігілген жеңсіз тондар да бар. Мутон және құндыз ішік, күзен терісінен жасалған жеңі ұзын және қысқа бұйымдар да бүгінде сәнге айналған. Классикалық және жаңа үлгілер бәрі тұтынушының көңілінен шығып жатыр. Тұынушылардың арасында, тіпті, көрші елден келген азаматтар да бар.

Маргарита Зайцева: «Мен Өзбекстан елінің азаматшасымын. Шымкент жақын болғандықтан, арнайы тондар жәрмеңкесіне келдім. Мұндағы сырт киімдер көңілімнен шықты. Сапасы, бағасы, сәні ерекше екен. Бізде тондар жәрмеңкесі жоқ. Сіздердегі мүмкіндікті пайдалану үшін арнайы келдім.»

Тұтынушылардың көңілінен шығу үшін жәрмеңке әкімшілігі жеңілдіктер жасап отыр. Мәселен, сіз өзіңізге ұнаған тауарды банк арқылы 6 айға өсімсіз және артық төлемсіз бөліп төлеуге ала аласыз. Бұл үшін тек бір ғана жеке басты куәландыратын құжатыңыз болса болғаны. Ендеше, тондар жәрмеңкесі жалғасуда. Мекенжайы: Темірлан тасжолындағы Әл Фараби сауда үйі.

Лаура Нахыпқызы