Шымкент кондитерлік фабрикасының жаңа желісі 200 тоннадан астам өнім шығарған

1013
Шымкент кондитерлік фабрикасының жаңа желісі 200 тоннадан астам өнім шығарған

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында іске қосылған «Рахат-Шымкент» ЖШС жаңа заманауи өндірісінің жұмысымен танысты.

Шымкент кондитерлік фабрикасының жаңа желісі 200 тоннадан астам өнім шығарған

Шымкент кондитерлік фабрикасының жаңа желісі 200 тоннадан астам өнім шығарған

Серіктестік директоры Абдукарим Боранов аймақ басшысына кәсіпорында өндірілетін тауарлардың түрлерімен таныстырып, жеткен жетістіктері жайында баяндады. Жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға инвестиция құйып келетінін айтқан компания басшысы фабриканың жылдық қуаттылығы 23 мың тонна екенін мәлімдеді.

Шымкент кондитерлік фабрикасының жаңа желісі 200 тоннадан астам өнім шығарған

Кәсіпорынның жұмысымен танысқан аймақ басшысы 2015-2019 жылдардағы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының Оңтүстік өңірі үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Шымкент кондитерлік фабрикасының жаңа желісі 200 тоннадан астам өнім шығарған

– «Рахат-Шымкент» ЖШС кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында вафель шығаратын жаңа өндірістік желіні іске қосқан. Жобаны жаңғырту мақсатында 850 миллион теңге жұмылдырылып, 28 жұмыс орны ашылды. 2001 жылы жұмысын бастаған зауыт өз өнімдерін ТМД мен Еуропа елдеріне, Қытай мен Моңғолия нарығына шығарып отыр екен. Яғни, біздің отандық өніміміз әлемдік стандарттарға толық сай келетінін айғақтайды, – деді облыс әкімі.

Шымкент кондитерлік фабрикасының жаңа желісі 200 тоннадан астам өнім шығарған

Толықтай соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған зауыт бүгінде 30-дан астам атаумен 4 түрлі өнім өндіреді. Биылғы он айда кондитерлік фабрика құны 274,6 миллион теңге болатын 200 тоннадан астам өнім өндірген.

Шымкент кондитерлік фабрикасының жаңа желісі 200 тоннадан астам өнім шығарған

Шымкент кондитерлік фабрикасының жаңа желісі 200 тоннадан астам өнім шығарған

Фабрика кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысып келеді. 2015 жылы кәсіпорын индустриаландыру картасы шеңберінде «Кондитер өнімдерінің өндірісін кеңейту және жаңғырту» жобасы бойынша крекер печеньесі мен вафли шығаратын өндірістік жаңа желіні іске қосқан болатын. Биыл жаңа өндірістік қуатты мықтап меңгеру басталды.

Шымкент кондитерлік фабрикасының жаңа желісі 200 тоннадан астам өнім шығарған

Айта кету керек, биыл кәсіпорында «Халал» стандартын ендіру жұмыстары басталды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі