Шымкентте жаңа «Технодом» дүкені ашылды

265
Шымкентте жаңа

«Технодом» Қазақстан бойынша дүкендер желісін кеңейтуде. Бүгін Шымкентте осы желінің 72-дүкені ашылды. Онда дәстүрлі түрде сапалы тұрмыстық техника мен электроника құралдары саудаланады. Сапалы қызмет көрсету, кең таңдау, электронды құралдар, ұялы және компьютер құралдарын тиімді бағамен жаңа дүкеннен табуға болады.

Смартфон, теледидар, ноутбуктер, тұрмыстық техника аксессуарлардың кең таңдауы. Мұндағы техниканың сан алуан түрі көздің жауын алады.

Татьяна Лигай, «Технодом» сауда үйінің менеджері: «Бүгін Шымкент қаласының Жангелдин көшесіндегі 12 А ғимаратта біздің қаладағы 4-дүкеніміз ашылды. Біздің компания сапалы қызмет көрсету және сапалы тауарлармен қамтуға басымдық береді. Сондықтан Шымкент қаласының тұрғындарын қонаққа шақырамыз.»

Дүкеннің ашылу салтанатына орай керемет жеңілдіктер қарастырылған. Техникалар 24-желтоқсанға дейін арзан бағамен сатылады. Бұдан бөлек барлық тауардың ақысын жылдың соңын дейін бөліп төлеуге мүмкіндік бар. Шымкенттіктер мұндағы тауарлардың сапасына еш күмән келтірмейді. Сондықтан қалалықтар электр, тұрмыстық және компьютерлік техникаға бірінші күні мол жиналды. Әр келушіні кіре берісте білікті кеңесшілер қарсы алып, таңдау жасауға көмектеседі.

Ирина Коваль, сатып алушы: «Мерекенің алдында бір өзгеріс жасауды ұйғардық. Жаңа теледидар сатып алмақпыз, қазір жігіттер бізге түсіндіруде. Мұнда бағалар саналуан, фирмалар да танымал.»

«Технодом» «Лапландияға сапар» акциясын жалғастыруда. Санта Клаустың отанына жолдаманы «Технодомның» арнайы бағдарламасы бойынша кез келген техниканы пайызсыз бөліп төлеу әдісімен сатып алушы қатыса алады.

Жангелдин көшесі, 12 А ғимаратта орналасқан дүкен мереке күндері түнгі сағат 22:00 ге дейін жұмыс істейді.