Шымкентте жаңа «Fora» дүкені ашылды

482
Шымкентте жаңа

Жақындарыңызға мерекелік сыйлық іздеп жүрсеңіз, ойланбай «Фора» дүкеніне барыңыз. Бүгін Ордабасы алаңындағы бұрыңғы әмбебап сауда үйінен «Фора» дүкенінің тағы бір филиалы ашылды.

Жаңадан ашылған «Фора» дүкенінің алғашқы сатып алушысы Сунатулла Исқақовтың жолы болды. Зейнетақысын жиып, немерелеріне теледидар сатып алған ақсақалға дүкен өкілдері тоңазытқышты сыйға тарту етті.

Сунатулла Исқақов, қала тұрғыны: «Баршаларыңызды жаңа жылмен құттықтаймын! Дүкеннің қызметкерлеріне үлкен рахмет, табысты болсын! Халыққа қажетті дүкендерді аша берсін.»

«Фора» дүкенінде тұрмыстық техникадан бастап замануи санды бұйымдардың кең таңдауы бар. Түрлі өлшемдегі экрандардағы көріністердің сапасы көздің жауын алады. Сөрелердегі шағын толқынды пеш, ет тартатын, ас мәзірін дайындауға ыңғайлы бұйымдар үй шаруасындағы әр бикеге тұрмыста көмекші болмақ.

Алла Кузовлева, «Фора» дүкендері желісі филиалының директоры: «Фора» дүкенінде көтеріңкі көңіл сыйлау мақсатында барлық жағдай жасауға тырыстық. Келіңіздер, еш өкінбейсіздер! Мұнда теледидардың, кір жуғыш машина, газ плиталары мен тоңазытқыштардың сан алуан түрі ұсынылған. Талғамыңызға қарай ұялы телефоннан бастап планшет, ноутбукті де сатып алуға мүмкіндігіңіз бар. Ең бастысы, алғашқы 100 сатып алушыға сыйлықтар қарастырылған.»

Бұл сыйлықтарға қоса сатып алған затыңыздың бағасына қарай үстемелер де қарастырылған. Ал егер ұнаған тұрмыстық техниканы сатып алуға қаражатыңыз жетпесе, «Форада» еш кедергісіз несие рәсімдей аласыз. Ордабасы алаңындағы бұрынғы әмбебап сауда дүкенінің ғимаратында орналасқан жаңа «Фора» дүкені таңғы сағат 9-дан кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.