Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдегі өзгерістер

56

2018 жылдан бастап зейнетақы 8 пайызға, жәрдемақы 6 пайызға артады. Сондай-ақ, төрт және одан көп балалы отбасыларына төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы келер жылдан бастап тоқтатылады. Оның орнына жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Тағы бір жаңалық, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғая бастайды. Бұл жөнінде әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу департаментінде өткен брифингте айтылды.

Жаңа жылдан бастап төлемдер жаңа мөлшерде қаржыландырылады. Облыс бойынша 234 924 зейнеткер, 378 мыңға жуық жәрдемақы және 298 мыңнан астам арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы бар. 2018 жылдың 1 қаңтарынан базалық зейнетақы төлемінің еңбек өтіліне байланысты артады. Жағымды жаңалық әлеуметтік төлемдерге де қатысты.

Осыған дейін арнаулы мемлекеттік жәрдем ақы көпбалалы отбасыларына бектілген мөлшерде тағайындалса, енді жаңа жылдан бастап бұл үрдіс өзгереді. Бұған қоса 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетақы жасы ұлғайтыла бастайды.

Айта кетейік, ОҚО бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген барлығы 911 мыңнан астам төлем түрі бар. Олардың 867 мыңы республикалық бюджеттен қаржыландырылса, қалған 44 мыңдай төлем түрі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінеді.