Ассамблея мүшелері Жолдаудан туындаған міндеттерді саралады

565
Күнгейдегі

Бүгін облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық бірыңғай күні аясында өткен шараға ғалымдар, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері қатысты.
Жиынға қатысушылар Жолдауда айтылған индустрия, жаңа технология, цифрландыру жүйесі, логистикалық инфрақұрылым, қаржы секторы, адам капиталы, тиімді мемлекеттік басқару, заң үстемдігі сынды 10 бағыттың маңызына жеке тоқталып, одан туындайтын мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жайын кеңінен талқылады.

Басқосуда облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Сайыпжамал Қорғанова Жолдауындағы 10 негізгі міндет Қазақстан дамуының жаңа бағытын айқындап, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына тезірек енуге жол көрсететіндігін айтса, философия ғылымдарының кандидаты ӘбдіжапбарТұрашбеков жетінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту жайын сөз етті.

Жиынды қорытындылаған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов Елбасы айқындап берген міндеттерді іске асыруда табанды түрде жұмыс істеу қажеттігін айтып, бұл бағытта ассамблея мүшелері алында тұрған міндеттерді белгіледі.