Автобус апатынан қаза болғандардың толық тізімі жарияланды

178

Автобус апатынан қаза болғандардың толық тізімі жарияланды, — деп хабарлайды  Tengrinews.kz. Төтенше жағдайдан қаза болғандардың ТІЗІМІ Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында жарияланды.

Алдын ала жасалған тізімде 29 адам бар. Қаза болғандардың барлығы — ер адамдар, Наманған облысының тумалары. Қаза болғандардың үлкені — 41 жаста, ал кішісі — 19 жаста. Осыған дейін ІІД өкілдері 52 жолаушының автобус есігін аша алмағанын хабарлаған еді.

Ведомство мәліметінше, автобустың есігі бұғатталып қалған. Сондықтан жолаушылар автобустан шыға алмай қалған. Сондай-ақ, автобустың өртену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді. Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке қысқа тұйықталу себеп болған.

«Бастапқы алдын ала нұсқа — қысқа тұйықталу. Қазір бұл нұсқа да өзгелермен қатар тексеріліп жатыр», — деген е еді Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуреттер жарияланды