Инвестиция тартуда облыстың белсенділігі артып отыр

293

Инвестиция тартуда облыстың белсенділігі артып отыр.Өңірге былтырғы жылы 482 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды. Бұл туралы бүгін тілшілер алдында өткен жылды қорытып, брифинг берген облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлімдеді.

Климаты жайлы, әлеуеті де мықты күнгейліктер өткен жылы ивестиция тартуда республика бойынша көш бастады. Бұрнағы жылмен салыстырғанда өңірге тартылған инвестиция көлемі 20 пайызға артыпты. Ал индустриаландыру картасы аясында 18 жоба жүзеге асырылып, 36 млрд теңгенің инвестициясы бағытталған.
Басқарма басшысының сөзіне қарағанда былтыр құрылыс та қарқынды болған. жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 234 млрд теңгені құрап, 5,3 пайызға артыпты. Бір жылда 721 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, 2016 жылмен салыстырғанда 36,2 пайызға артқан. Бұл өз кезегінде 7 мыңнан аса отбасының баспана мәселесін шешешуге мүмкіндік берді дейді мамандар.
Сала басшысы жалпы қаржының игерілуі 99,9 пайызды құрап отыр деп сендірді. Былтыр бекітілген облыс бюджетінің көлемі 481 млрд теңгеге жеткен. Бұрнағы жылмен салыстырғанда бюджет көлемі 28 млрд. теңгеге артты дейді салаға жауаптылар.