Көлік ұрлаған күдіктілер ұсталды

360

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не жергілікті жердің 33-жастағы тұрғыны арызданған, ол арызында 2017 жылғы 3 қаңтарда түнгі уақытта Молдағұлов көшесіндегі ауласында тұрған «ВАЗ» маркалы автокөлігін белгісіз тұлғалар айдап әкеткені туралы көрсеткен.

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «ізін суытпай» күдіктілерді ОҚО Сарыағаш ауданының аумағында ұрланған автокөлікті сатып жатқан жерінен ұстады. Олар Шымкент қаласының 1996 және 1998 ж.т. тұрғындары екені белгілі болды. Оның бірі бұрын-соңды сотты болған.

Полицейлер анықтағандай, жас азаматтар, автокөліктерді бұзып кіріп, ұрланған көліктерді сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратып отырған. Тергеу барысында ұсталғандардың 7 жайтқа қатысы бар екенін анықтады. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі 10 миллион теңге болып отыр.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Полицейлермен ұсталғандардың басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталуда.
Шымкент қаласының полицейлері автокөлік тонаушылардың құрбаны болмас үшін автокөлік иелеріне қауіпсіздік шараларын қолдануды ескертеді. Автотұраққа, аулаға немесе көшеге автокөлікті қояр кезде кілттерін қалдырып кетпей, әрқашан көліктің есігі мен жүксалғышын жауып жүріңіз. Мүмкіндігінше автокөлікке сенімді дабыл жүйесін орнатып, автокөлікті күзетілетін тұраққа қойғаныңыз жөн.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы