Марихуана сатқан 50 жастағы күдікті ұсталды

390

Шымкент қаласының полицейлері марихуана есірткі затын сатумен айналысқан 50 жастағы күдіктіні ұстады. Шымкент қаласында ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында есірткі затын сақтады деген күдікпен 1968 ж.т. күдіктіні ұстады. Күдіктінің үйін тінту кезінде 9 орама қағаз өсімдік тектес, марихуана есірткісіне ұқсас зат тәркіленді.

Сот-криминалды сараптамасына сәйкес тәркіленген зат салмағы 40 гр. асатын марихуана есірткі заты екені анықталды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-мен ҚР ҚК-нің 297-бабымен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Тергеу жүргізілуде.