ОҚО да мамандандырылған тергеу соты ашылады

823

Пара алды деп ұсталған Түркістан аудандық сотының төрағасына қатысты сот процесі дүйсенбі күні басталады. Іс материалдары сотқа кеп түскен. Түркістанның бұрынғы прокуроры Зұлпыхаровтың ісі Түркістан қалалық сотына прокуратураның сұранысы бойынша қайтарылған. Қылмыстық іс сотқа қайта түспеген. Осы және басқа да қоғамға аты шулы істердің барысы туралы облыстық сотта өткен брифингте айтылды.

Тамара Смайлова, облыстық соттың судьясы: «Жаңа айыптаулардың пайда болуына байланысты іс Түркістан қалалық сотына қайтарылды. Прокуратураның өзі сұратып алған. Қайта әлі сотқа түскен жоқ.»

БАҚ өкілдерімен жүздесуде судьялар электронды сот процесі мен ҚР заңнамаларындағы өзгерістерді баяндады. Айтулы жаңалық, 2018 жылдың 1-ші наурызында ОҚО да арнайы тергеу соты ашылады. Жаңа соттың сапалы қызметі үшін барлық жағдай жасалған дейді жауаптылар.

Айтпақшы, облыстық соттың судьялары айына екі рет журналистермен кездесіп, брифинг өткізетіндіктерін мәлімдеді.