Шымкентте тағы бір «workout» алаңы пайдалануға берілді

245

«Технодом» компаниясы Шымкент тұрғындарына Абай саябағында ашық аспан астында спортпен шұғылдануға болатын алаң сыйлады. Мұнда кез-келгені, тіпті мүмкіндігі шектеулі азаматтар да әуесқой спортпен айналыса алады. Кіру — тегін.


Жаттығу алаңы білікті мамандардың және кәсіби спортшылардың ұсынысымен дайындалған. Бір мезетте 10 адам гимнастикамен айналыса алады. «Біздің компания – салауатты өмір салтын ұстануды насихаттайды. Ашық алаңда спортпен шұғылдану ыңғайлы әрі тиімді. Қала тұрғындары бос уақытында келіп, жаттығу жасауына болады. Таза ауада денені шынықтыру адам бойына күш береді» — дейді компанияның баспасөз қызметі.


Алаңда қойылған снарядтардың беріктігі кәсіпқой спортшылармен тексерілген. Және де соңғы үлгідегі металды снарядтар қойылған. «Технодом» дүкендер желісі еліміздің өзге де қалаларында жаңа алаңдар ашуды жоспарлауда.