Түркияда «Оңтүстік цирк» әртісі танымал байқауда ақтық сынға өтті

443

Түркияда Халықаралық деңгейдегі „Таланттар шоуы„ байқауы өтіп жатыр. Мықтылар бас қосқан додаға еліміздің атынан „Оңтүстік цирктің» әртісі Зоя Гладкова бақ сынауда. Жерлесіміз алғашқы кезеңнен сүрінбей өтіп, жартылай финалға жолдама алды.

„Таланттар шоуы„ байқауына Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан,Германия, Ресей сынды елдердің үздіктері қатысып отыр. Зоя Гладкова алғашқы кезеңде әуеде торлы арқанмен күрделі қимылдарды жасап, әділ-қазылардың көңілінен шықты. Ол бұл байқауды ғаламтордан көріп, бақ сынауға бел буған. Қаңтар айының 25-жұлдызында байқаудың келесі кезеңі басталады.Талантты әртіс қазіргі уақытта ақтық сынға қызу дайындық үстінде.

Байқауға 40-тан аса үміткер қатысқан. Әр қайсысы әр түрлі жанрда өнер көрсеткен. Ал ақтық сынға тек 15 адам ғана жолдама алды. Тартысқа толы болған сайыс Түркияның тұрғындарын да таң қалдырған.

Зоя Гладкова „Оңтүстік цирк„ кәсіпорнының әртісі. 20 жасар бойжеткен 5 жылдан бері осы саланы меңгеріп келеді.

Жерлесімізге жеңіс тілейміз!