Жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің бұрынғы көлік жүргізуші сотталды

487
Мемлекет басшысымен телекөпір барысында Шымкенттегі 20 миллион қорап дәрі шығаратын цех іске қосылды

Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің бұрынғы көлік жүргізушісі Тұрсынқұловқа қатысты Еңбекші аудандық сотында сот үкімі оқылды. Сотталушы ҚР Қылмыстық процесcуалдық кодексінің бірнеше баптары бойынша айыпты деп танылып, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ, жәбірленушілердің бірқатарының азаматтық талап арызы қанағаттандырылды. Бұрынғы көлік жүргізушісі Тұрсынқұлов материалдық және моралдық шығындарын өтеуге міндеттелді.

Сот ашық түрде жүргізілді. Журналистердің процесске қатысуына ешкім қарсылық танытпады. Әлішер Тұрсынқұлов күзетпен қамауда. Алдыңғы сот отырыстарында сотталушының қорғаушысы бас бостандығынан айырмау туралы шара көру туралы ұсынымын жеткізді. Адвокаттың мәлімдеуінше, сотталушы қоғамға қауіп төндірмейді. Отбасылы, сот тергеуден жасырынбақ ниеті жоқ. Бірақ соңғы уақытқа дейін Тұрсынқұлов іздеуде болған. Өзінің айтуы бойынша, тергеуден емес, қоқан лоққы жасағандардан жасырынуға мәжбүр болыпты.   Сот процесіне қатысушы жиырма адамнан тұратын екінші тарап Тұрсынқұловтың мәлімдемесінен жапа шеккендер шара түрінің өзгеруіне қарсылық танытқан болатын

Еске сала кетейік, 2017 жылдың сәуір айында Әлішер Тұрсынқұлов өз мәлімдемесін ғаламторға жүктеген. Өзі жұмыс жасаған жедел жәрдем қызметінің басшылығын ақша жинаған деп айыптаған. Өзі де талай пара тасығанын да жасырмаған. Тұрсынқұлов тергеу орындарына жоғары лауазымды тұлғалардың көлеңкелі қылықтарын әшкере етуге көмектесетін ниетін де жеткізген болатын. Алайда, енді өзі пара алғаны, алаяқтық жасағаны үшін айыпталып отыр.