Қала әкімі 100 күнде не бітірді?

303

Шымкент қаласы әкімінің ауысқанына да 100 күн болды. Үшінші мегополиске әкім болып тағайындалған Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев үш ай ішінде не істеді? Осы уақыт аралығында қандай тірліктер жасалды? Тарқатып көрейік.

Нұрлан Ермекұлы БАҚ өкілдерімен тығыз қатынаста деп айта алмаймыз, сондықтан да ресми мәліметтерді сөйлетейік. Жұмысын таңғы сағат 5 — тен бастайды, қаланы аралайды. Алға түзген жоспарларына тоқталар болсақ, білім мекемелеріне оқушылардың қатынауын қауіпсіз ету мақсаты бар.

Екінші қаладағы ең ақсап тұрған сала — қоғамдық көлік қызметін жақсарту, үшінші топырақ жолға шағал тас төсеп, жастармен белсенді араласу. Әзірге, халықа есеп беру жиындарында көтерілген мәселелерді шешумен айналысып жатыр. Оң нәтижесін берсе игі. Ал шымкенттіктер әкімнің 100 күнде атқарған жұмысына қанағаттана қоймапты.

Нұрлан Күдерұлы