Қазақстандықтар тегін білім ала алатын шетелдік ЖОО-лар тізімі жарияланды

524

«Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы қазақстандықтар тегін білім ала алатын шетелдік жоғарғы оқу орындарының тізімін жариялады, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Тізімге Германия, Франция, Норвегия, Чехия, Польша, Грекия сынды мемлекеттердің ЖОО-лары енген. Сондай-ақ, әр оқу орнының онда түсу үшін өз талабы бары жазылған. Толық тізіммен bolashak.gov.kz танысуға болады.