8 сынып оқушысы өзіне қол жұмсап, қайтыс болды

494

Шымкентте 8 сынып оқушысы өзіне өзі қол салып, қайтыс болды. Қайғылы жағдай 16 ақпан күні кешкі 19:00 шамасында орын алған, – деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бозбала қаладағы № 113 мектепте оқыған. Кешкілік уақытта анасына сыртқа шығып келетінін айтқан. Ұлы кешігіп кеткен соң анасы іздеп шыққанында асылып қалғанын көрген. Баланың денесі №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу тексеру амалдары жүргізілуде.

Ақпан айындағы бұл екінші қайғылы оқиға. Алдын Қайнарбұлақ тұрғын алабында жасөспірім де асылып қайтыс болған-тын.