Анасы мен әйелін пышақтап өлтірді

531

Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылында Ж. есімді ер азамат өз анасы мен әйелін пышақтап өлтірген. Қанды оқиға нендей себептен орын алғаны белгісіз.

Көрші Өзбекстан елінен көшіп келген оралман отбасындағы бұл жәйттің себеп салдарын қазір Ордабасы аудандық полиция бөлімінің тергеушілері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Туған анасы мен әйелін өз қолымен о дүниеге аттандырған деген күдікпен ұсталған азамат бұрын да сотты болған.