Автокөліктен сөмке ұрлағандар қолға түсті

211

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданып, онда белгісіз тұлға терезені сындырып, оның автокөлігінен ұялы телефоны мен сөмкесін ақшасымен ұрлап кеткенін көрсеткен.

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің №14 учаскелік пунктінің учаскелік инспекторы жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында ерлі-зайыпты екі күдіктіні ұстады. Олар 35 жастағы Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.

Қазіргі таңда ұрлық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы