Көшбасшы компания

358

Шымкенттегі ең ірі «Грин Бас » көлік компаниясы нарыққа қадам басқанына үш жыл толуын тойлауда. Бұл мерекенің де өзіндік ерекшелігі бар. Басшылық сыйлық қабылдап жатқан жоқ, керісінше алып компанияның дамуына қомақты үлес қосқан қызметкерлеріне сыйлықтар таратуда.

Негізінде туған күн иесі сыйлық қабылдауы тиіс. Бұл жолы ерекше тойлауды жөн көріпті. «Грин Бас » жетекшілері компанияның үш жылдығында жолаушылар тасымалы барысында тұрғындарға сапалы қызмет көрсеткені үшін жүргізушілерге, механиктерге, диспетчерлерге құнды сыйлықтар тарту етті. Еңбектің еленгені де дұрыс, әрине.

Алғашқы сыйлық микротолқынды пеш пен арнайы дипломы «Грин Бас Компани» серіктестігінің кезекші механигі Алексей Вопревке тапсырылды. Өз ісінің кәсіби шебері мұнда компания ашылғалы бері еңбек етіп келеді.

Александр Вопрев, «Грин Бас Компани» ЖШС-нің кезекші механигі: «Еңбегіңді елеп, құрмет көрсеткені қандай жақсы. Жұмысқа құлшыныспен кірісіп, барыңды саласың. Өсіп келе жатқан жастарға бар білгеніңді үйретіп, мықты маман болып шығуына атсалысасың».

«Грин Бас» компаниясының ақ түсті, жасыл белдеулі автобустарын үлкен де, кіші де біледі. Жолаушылар тасымалында компания тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, өзінің жауапты және беделді екендігін дәлелдей алды. Шымкенттегі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауапты мамандары да мекеменің көшбасшы екенін мойындайды.

Жаркын Байдуллаев, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары: «Грин Бас Компани» ЖШС-і жолаушылар тасымалы нарығына 2015 жылдан бастап кіріскен болатын. Мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіске жетіп, бүгінде өз ісін жауапкершілікпен атқаруда. Қаладағы 11 негізгі бағыт бойынша қызмет көрсетуде. «Грин Бас» компаниясының қызметкерлерін үш жылдықтарымен құттықтаймын».

«Грин Бас» компаниясы қаламыздағы заманауи базамен және техникамен жарақтандырылған ең жас компания саналады.

Әбдібек Үкібаев, «Грин Бас Компани» ЖШС-і директорының орынбасары: «Грин Бас» компаниясында 200 техника бар, 734 адам жұмыс істейді. Басты мақсатымыз — жұмысшыларымызды көтермелейтіндей осындай айтулы шаралар ұйымдастыру, жолаушылар тасымалында жұмысшыларымыз сапалы қызмет көрсетуге атсалыссын деген ниетпен. Әр қызметкеріміз компания басшылары өздерін бағалайтындығын білгені де дұрыс.

Үш жыл – бұл компания үшін соншалықты ұзақ уақыт емес. Ұжымның алдында ауқымды жобалар мен жоспарлар тұр. Соны абыроймеен атқаруды көздейді.