Сайрам ауданында жаңа медициналық тірек пайдалануға берілді

317

Сайрам ауданында жаңа медициналық тірек пайдалануға берілді. Құрастырмалы-қаңқалы модульдік конструкция әдісімен салынған денсаулық сақтау нысаны Теспе аулында бой көтерді. Осыған дейін қолданыста болған нысан тар әлі ескі болатын еді дейді жергілікті халық.

Бас-аяғы 2 ай ішінде салынып, ел игілігіне берілген ғимаратта науқастарға медициналық санитарлық көмек көрсетілетін болады.  Модульді конструкциясын құрастыру тәсілі уақытты және бюдет қаражатын үнемдейді дейді сала басшысы.

Айта кетейік, жалпы облыста жыл соңына дейін модульді құрамалы тағы 50-ге жуық медициналық пункт тапсырылатын болады. Алаңы 125 шаршы метрді алып жатқан консрукцияның құны 30 млн. теңге. Биыл ауданның денсаулық нысанына қажеттілігі толықтай шешімін тапқалы отыр дейді салаға жауаптылар.