Шымкентке Митхун Чакраборти келеді

607

Танымал үнді әртісі Митхун Чакраборти Оңтүстікке келеді. Ол өз елінің тарихи туындысына түспек. Бұл туралы Еуразия кинофестивалінің директоры Майра Қарсақбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түсірілім, сәуір айында басталмақ, – деп хабарлайды tvk-uko.kz.

Майра Қарсақбаева, Еуразиялық кинофестивалінің директоры: «Біз үнді фильмін Қазақстанда түсіруді жоспарлап отырмыз. Қазір 18 ғасырды бейнелейтін қамалдарды тұрғызу үстіндеміз. Туындыда Митхун Чакработи мен Болливудтың жас, әрі танымал әртісі Ранди Пхута түседі. Біз кино арқылы миллиондаған көрерменге Қазақстанды насихаттаймыз. Бұл кино Қазақстанда таспаланған деп мақтанышпен мәлімдейтін боламыз».

Қазақ кино әлемінде тағы бір айтулы оқиға орын алмақ. Жуық арада отандық режиссерлар Англияда өтетін кинофестивальге қатыспақ. Үздіктер додасына жолдама алатын туындыларды ұйымдастырушылар іріктейді. Олар, әр облысты аралап, туындыларды таңдайды. Қойылатын талап, кино 2016 жылдан бері түсірілген толықметражды фильм болуы тиіс.

Майра Қарсақбаева, Еуразиялық кинофестивалінің директоры: «Бізге Дакоруме қаласының әкімі Дэвид Коллинс қолдау көрсетіп отыр. Фестиваль 15-ші тамызда басталады. Бұл шараның ауқымы кеңірек болмақ. Тек кәсіби мамандар ғана жұмылдырылады. Қазақстанда іріктеу 15 – ші наурыз басталып, 1-ші шілдеге дейін жалғасады».

Дакорумеде өтетін фестивальдің қадірлі қонағы болып Бред Питт келеді. Іс-шараның серіктесі болып Сәуле Сүлеймен таңдалған. Жуырда Қазақстан қалаларында фестивальдың таныстырылымы өтеді.