«Аналар — асыл жандар». Бүгін қаламыздағы «Адюша» бөбекжай-бақшасы осындай тақырыппен мерекелік шара өткізді. Бүлдіршіндер арнайы сағат аясында өз аналарының құрметіне ән айтып, би биледі. Құттықтау тілектерін жолдады.
Айта өтетін ақпарат, қаламыздағы «Адюша» бөбекжай-бақшасы жыл бұрын қызметін бастаған. Қазір мұндағы 20-ға жуық маман 150 баланың тәлім-тәрбиесі үшін жұмыс жасайды.