Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы Қазығұрт ауданындағы «Кеме қалған» монументі маңында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында тазалық акциясын өткізді.
«Киелі Оңтүстік Қазақстан» тақырыбында өткен шараның мақсаты – аталған аумақты көгалдандырып, тазалық жұмыстарын жүргізу. Тазалық шарасына облысымыздың жоғары оқу орнында білім алып жатқан 500-ге жуық белсенді студент қатысты. Оның 150-і еріктілер.
«Бүгінгі акцияда жастар өңіріміздің киелі орындарын тазалап, көріктенуіне үлес қосты. Шара мұнымен шектелмейді. Біз мұны видеоэстафеда түрінде қызылордалық жастарға жолдағалы отырмыз», – деді басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова.
Акция аясында «Кеме қалған» ескерткішінің аумағына 1000-нан астам 4 түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, белсенді жастардың қатысуымен тау бөктерінде флешмоб биі ұйымдастырылды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі