Шымкентте жетінші қабаттан құлаған азаматша тіл тартпай кетті. Сұмдық жағдай 5-ші сәуір күні сағат 11:00 шамасында болған. Куәгерлердің сөзінше, марқұм азаматша өзін жетінші қабаттан лақтырып жіберген.

Оқыс оқиға 11 шағын аудандағы Уалиханов көшесіндегі 227 «А» көп қабатты үйдің алдында болған. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Марқұм азаматшаның не себепті мұндай қадамға барғаны белгісіз.

Сондай-ақ, куәгерлер азамташаның өзі жетінші қабатқа көтеріліп подъездегі терезеден секіріп кеткенін айтуда. Ал тұрғындар марқұм азаматшаның көп қабатты үйдің тұрғыны емес екендігін алға тартты. Қазір оқыс оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізілуде.