Úı ANONS Түркістанда 24 жастағы келіншекті айуандықпен өлтірген таксист жасаған ісіне өкінді

Түркістанда 24 жастағы келіншекті айуандықпен өлтірген таксист жасаған ісіне өкінді

Түркістанда 24 жастағы келіншекті айуандықпен өлтірген күдіктіге қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы басталды. Күдіктінің өзі бірінші сот процесінде-ақ кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетіндігін мәлімдеді.

Жәбірленуші тарап зорлықпен өлтірген күдіктіге қатаң жаза беруді талап етті. Жас жігіт жасаған қанды қылмысын біртіндеп баяндап бергенде, марқұм келіншектің анасы көз жасын тыя алмады.

Еске салайық, қаңтар айында Түркістан қаласында 24 жастағы келіншекті таксист айуандықпен өлтірді деген ақпарат бүкіл елді дүр сілкіндірген еді. Зорлықпен қаза тапқан азаматшаның денесі екі аптадан кейін ауылдың шетіндегі қамыстың ішінен табылған. Алғашқыда марқұм келіншектің ұялы телефоны күдіктінің өзінен табылса да кінәсін мойындамаған болатын.

Exit mobile version