Ұрылар ұсталды

161

Түркістандық полицейлер тұрғындарға үлкен көлемде шығын келтірген қылмыстық топты қамауға алды. 2018 жылдың 5 сәуірі күні Түркістан ҚІІБ-на жергілікті тұрғын арызданып, түнгі уақытта үйіне белігісіз тұлғалар ұрланып кіріп құны 5 миллион теңгеге жуық тұратын әйелдер косметикасын, сондай-ақ қыстық шубасы мен тұрмыстық техникаларын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге жалпы 6 миллион теңгеден астам шығын келген.  Аталған жайт бойынша Түркістан қалалық ІІБ қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылып, іс-шаралар нәтижесінде күдіктілер қолға түскен. Олар жергілікті жердің 30-35 жас аралығындағы тұрғындар, жұмыссыз азаматтар болған. Полиция қызметкерлері жүргізген тергеп-тексеру жұмыстары барысында қолға түскен күдіктілердің, аталған жайттан басқа қала аумағында орын алған пәтерден ұрлау қылмыстарының 13 дерегіне қатыстылығы анықталған. Күдіктілер барлық ұрлық қылмыстарын бір сызбамен іске асырып жүрген, түнгі уақыттарда үйдің қараусыз қалғанын және айналада ешкімнің жоқтығын пайдаланып, есіктің кілтін таңдау арқылы ашып ішке кірген. содан ақша, алтын бұйымдар, тұрмыстық техникалар мен т.б. бағалы мүліктерін жымқырып кетіп отырған. Жәбірленушілерге жалпы 8 миллион теңгеден астам шығын келген.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысында қамауда.