Бір отбасын жайратқан кім?

309

Ақпан айында бір отбасыны жайратып салған қылмыскердің ісін тергеу аяқталды. Еске сала кетейік, Шымкенттегі жеке тұрғын үйлердің бірінен 50 жастағы анасы мен екі ұлының өлі денелері табылған еді. Қаладағы өндіріс орындарының асханасында жұмыс істеген жалғызбасты әйелдің үлкен ұлы 22 жаста болса, кіші ұлы небәрі 13 жаста болатын. Бүкіл бір отбасын өлтірген күдіктіні тәртіп сақшылары бірнеше күннің ішінде Тараз қаласында құрықтаған. Бұрын бірнеше рет сотты болған, марқұм әйелдің үлкен ұлының 26 жастағы танысы болып шықты. Марқұмдардың туыстарының сөзіне қарағанда үлкен ұлы компьютерлік ойындарға құмар болған. Сөйтіп күдіктіге қарыз боп қалыпты-мыс. Сол қарызының өтеуі бүкіл отбасының өмірі болған десті туыстары. Қазір қылмыстық іс материалдары сотқа өтті. Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қарайтын болады.