Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз кеңістік орнату қажет

637

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз кеңістік орнату қажет. Бұл талаптар құрылыс кезінде ескерілуі тиіс. Бүгін Шымкентте жиын өткізген мүгедектер қоғамының өкілдері осылай деді. Айтуаларынша, ірі мегаполистердегі кей әуежайларда қол арбамен көтерілетін ыңғайлы пандустардан бөлек, зағип жандар үшін жол сілтейтін дауысты сызбалар бар. Ал сөйлей алмайтын жандар тіркеу бөлімінде сурдоаударма қызметін пайдалана алады.

120 мыңнан аса мүгедегі бар оңтүстікте де мүмкіндігі шектеулі жандардың қолайлы ортада өмір сүруін қамтамасысыз ету жергілікті биліктің назарында. Бұл бағыттағы жұмыстарды ширата түсу үшін кешенді жоспар қажет дейді сала басшылары.

ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев: «Мүгедектер проблемасы пандуспен ғана шектелмейді. Дыбысты бағдаршамдар мен дауысты сызба қызметтері, қоғамдық көліктер мәселелері де біздің назарда. Тиісті құрылымдардың қадағалаулармен пандустар реттеліп, мүгедектердің кедергісіз өмір сүруіне жағдайлар жасалып отыр. Мүмкіндігі шектеулі азамат А нүктесінен Б нүктесіне еш кедергісіз жететіндей жағдай туғызуымыз керек. Ол үшін жан-жағды қаралған кешенді жүйелі жоспар керек».