Заңсыз жүрген 1500 шетелдік ұсталды

250

ОҚО-да «Заңсыз келуші — 2018» жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған бір жарым мың жуық заңбұзушыны анықтады. Еске сала кетсек, Оңтүстік Қазақстан облысында 2018 жылдың 21-24 мамыр аралығында ОҚО ІІД Көші-қон полиция басқармасы қызметкерлері «Заңсыз келуші — 2018» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу, облыс аумағында заңсыз жүргендерді анықтап, заңсыз көші-қон жолдарын кесу, сондай-ақ шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тарту жайттарын анықтау.

«Заңсыз келуші — 2018» жедел-профилактикалық іс-шара өткізудің полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 1337 шетелдіктер мен ҚР азаматтары анықтады, оның ішінде 1157-і шетелдіктер, 180-і ҚР азаматтары. Аталған құқықбұзушылықтардың 692-і ескертілген, 118-іне әкімшілік айыппұлдар салынып, 411 шетелдік әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ, ОҚО ІІД-нің қабылдап-бөлу мекемелеріне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ – 115 адам орналастырылды. 322 шетел азаматтарына ел аумағында болу мерзімдері қысқартылып, 116 шетелдіктер сот шешімдерімен Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылған. Қазақстан Республикасы аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамағаны үшін 4 шетелдік азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін және көші-қон саласында заңды бұзғанына 180 ҚР азаматы әкімшілік жаупкершілікке тартылған.