Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында Жеңістің 73 жылдығына орай 6 майдангерге автокөлік табысталды. Жаңа нива автокөліктердің кілтін Жеңіс күні мерекесіне арналған шарада аудан әкімі Салыхан Полатов салтанатты түрде тапсырды.
Аудан орталығы Шолаққорғанда өткен мереке жалпыхалықтық шерумен бастау алып, жиылған жұртшылық «Белгісіз сарбаз» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып соғыс сарбаздарының рухына тағзым етті.
Сұрапыл соғыс жылдары созақтық қаһарман жауынгерлер өздерінің бар ынта жігерлерінің арқасында Жеңіске жетуге өзіндік із қалдырды. Бүгінгі таңда солардан қалған көзі тірісі 6 соғыс ардагері ғана ортамызда.
Одан бөлек, уран өндіретін «Катко», «Инкай» компаниялары қаржылай сыйлықтар ұсынды. Мереке күндері ауған соғысы, Чернобыль апатына қатысушылар мен тыл ардагерлеріне де аудандық бюджеттен қаржылай сыйлық табыс етілді.
Меркелік шара орталық ипподромда бәйге, көкпар, қыз қуу сынды ұлттық спорт түрлерімен жалғасты.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі