Жетісайда дәрігерлер сірке суын ішіп қойған қыз баланы құтқарды

88
KlopSOS.ru

ОҚО-да дәрігерлер сірке суын қателесіп ішіп қойған қыз баланы құтқарып алды. Мақтарал аудандық Жетісай қаласының ауруханасы жедел жәрдем қызметі 15 мамыр күні 2003 жылы туған жасөспірімді жеткізген.

Кәмелетке толмаған қыз балаға сірке суымен улану диагнозы қойылған. Жасөспірімге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, асқазаны жуылған. Қазіргі таңда 15 жасар қыз баланың жағдайы қалыпты. Жасөспірімнің өз сөзіне қарағанда, сірке суы араласқан суды қателесіп ішіп қойыпты. Оны біле сала ата-анасы жедел жәрдем қызметін шақырған.

Сонда да тәртіп сақшылары ҚР ҚК — нің 105 бабы 3 — ші бөлігімен, яғни «Өзін өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде.