Оңтүстікте мемлекеттік қызметке келуші жастардың қатары артты

200

Күнгейде мемлекеттік қызметкерлердің қатары анағұрлым артуы мүмкін. Қазір осы мақсатта ауқымды жобалар қолға алынып, жүзеге асып жатыр. Бұл жөнінде бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің өңіріміздегі өкілдері студенттермен өткен форумында мәлімдеді. Келелі жиынға облысымыздағы жоғарғы оқу орындарының көшбасшы студенттері, департамент пен басқарма басшылары, қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ардагерлері жиналды.

Мемлекеттік қызметтегі жауапкершіліктің жүгі мен атқарылуы тиіс ауқымды жұмыстарды талқылады. Жиын қатысушылары мемлекеттік қызметтегі жас мамандар үшін жасалған жағдайлар мен мол мүмкіндіктерді атап өтті. Жалақы мәселесінің де жыл санап шешімін тауып, жоғарылап жатқаны да шарадан шет қалмады.

Сондай-ақ, жылдар бойы аталған салада еңбек етіп, жүгенді жұмыс атқарған аға буын ардагерлер мен білікті мамандар марапатталып, құрметке бөленді. Айта өтейік, бүгінде ОҚО-да 8 769 мемлекеттік қызметкер бар. Оның 15 пайызын жастар құрайды. Ал бос лауазымдар саны — 483-ке жеткен.